03
October
2022
PISA – 2022» Халықаралық зерттеуі
PISA – 2022» Халықаралық зерттеуіне мектеп іріктеліп алынған соң, әкімшілік тарапынан іс – шаралар жоспары құрылып, дайындық жұмыстары жасалуда. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Ж.Конысова 30 қыркүйек күні мектеп ұжымы, 8 қазан күні зерттеуге қатысатын оқушылардың ата-аналарына арналған жиналыс жасап, зерттеудің негізгі мақсатын, жалпы түсініктерімен және оқушыларға арналған дайындық жұмыстарына қосымша сабақтар кестесі мен жұмыс тобының жұмыстарымен таныстырып өтті. Пән мұғалімдері тарапынан, атап айтсақ математикалық сауаттылық бойынша Г.К.Кошанова, оқу сауаттылығы – Д.Н.Саймасаев, жаратылыстану бағытынан химия-биология пәнінен Б.Семсерхан, география – Ә.Ембергенова әр бағыт бойынша тапсырмалар спецификациясымен толық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
https://www.instagram.com/p/CjcxsSwodNX/?utm_source=ig_web_copy_link

https://www.instagram.com/p/CjcxsSwodNX/?utm_source=ig_web_copy_link
