Отбасы күні » Көкөзек орта мектебі
Almaty region
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Көкөзек орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
18
September
2019

Отбасы күні

Қарасай ауданынығы білім бөлімінің 22.08.2018ж. №1562 хатына сәйкес Көкөзек ауылындағы орта мектебінде 06-14 қыркүйек аралығында Отбасы күніне арналған іс – шаралар өткізілді.
Дене шынықтыру пәні мұғалімдер Н.Байырбаев, Б. Тажиева «Толағай» спорттық отбасылық эстафеталық жарысы өткізілді. Сайысымыз Қазақстан Республикасының Гимнімен басталды. Ойын басталмас бұрын мектебіміздің директоры Манкеева Жамила Билисбекқызына сөз берілді. Мектеп басшысы қатысқалы отырған отбасыларына сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар осы сәтте сайысымыздың әділ қазылар алқасы таныстырылып өтті. Олар: Мектеп директоры Ж.Б.Манкеева, директордың тәрбие – ісі жөніндегі орынбасарлары А.Т.Бейсембиева, Э.Бабаханова, дене шынықтыру пәні мұғалімі З.З.Адильбекова.
«Толағай» спорттық отбасылық сайысына Тажиевтар, Бармаковтар, Елеш отбасылары қатысты. Әр жанұяның топ аттары және ұрандары болды. 1. «Атамекен» тобы, топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін!
2. «Жасұлан»тобы, топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты, бәрін жеңіп шықты
3. «Барыс»тобы,топтың ұраны: Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз.
Әр топ өз аттары және ұрандарымен таныстырып болғаннан кейін, ойын бағдарламасымен, тәртібімен танысты. Сайыс түрлі ойынымен өтті.Әр жанұя ойындарды мықты жауапкершілікпен және ұйымшылдықпен ойнай білді. Ойын қызықты да, тартымды болып өтті.Әділ қазылар сайыскерлерімізді «5», «4», «3» ұпайларымен бағалап отырды.«Толағай» отбасылық сайысымыз қорытындысы бойынша: І орынды Елеш жанұясы (Барыс тобы), ІІ орынды Бармаковтар жанұясы (Атамекен тобы), ІІІ орынды Тажиевтар жанұясы (Жасұлан тобы) қанжығаларына байлады. Жарысымыз жоғары дәрежеде өтті – деп бағаланды.
ҚР Ministry of Education and Scienceнің 03.09.208ж № 58 хатына сәйкес мектебімізде 08.09-09.09 күні аралығында «Қазақстандағы 21 ғасырдың ата-аналары: өз баланыңызға үлгі болыңыз» тақырыбында Республикалық ата-аналар конференциясы өтті.
Мектеп психологы А.Абдрахимова ата-аналарды UNT-ға дайындық және оны тапсыру барысында жасөспірімге ата-ананың психологиялық көмегімен, жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу бойынша шаралар, кәмелетке толмаған балалардың суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу, отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы, жасөспірімдер ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу шаралары, мектепте діни атрибутика киюге тыйым салу, әрбір мектеп оқушысын бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті, жасөспірімдер ортасындағы девианттық мінез-құлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу, ата-ананың өзін-өзі талдауы: ЖАҚСЫ АТА-АНАНЫҢ ҚАНДАЙ ҚАСИЕТТЕРІ МЕНІҢ БОЙЫМДА БАР, ҚАНДАЙ ҚАСИЕТТЕРДІ ДАМЫТУ ҚАЖЕТ? психологиялық кеңестер берді.
1-11 сынып жетекшілері «Мерейлі отбасы», «Отбасы – тәрбие көзі», «Мен және менің отбасым» атты тақырыбында ашық тәрбие сағатар өткізді. Музыка пәні мұғалімі З. Адильбекова , педагог ұйымдастырушысы Б.Семсерхан «Қос жүректің лүпілі» концерттік бағдарламаны ата-аналар құрметіне ұйымдастырылып өткізілді.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив