Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 583 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 13 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5036 болып енгізілді.
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 27.07.2015 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 25-тармағына сәйкес және оқу-әдістемелік жұмысқа басшылық жасау және үйлестіруді жүзеге асыру үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 27.07.2015 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. "Білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 қарашадағы N 946 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 15 желтоқсанда N 3282 тіркелген, 2005 жылғы 21 қазанда N 195-196 (929-930) "Заң газетінде" жарияланған,) күші жойылды деп танылсын.
3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
Министр |
|
| Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 583 бұйрығымен бекітілді |
|
|
|
Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру
және жүзеге асыру қағидалары
Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 27.07.2015 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 27.07.2015 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Осы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын, жоғары және жоғары орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 18.01.2016 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: әдіскер - оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды орындаушы білім беру ұйымының педагогикалық қызметкері (жоғары оқу орындарынан басқа);
әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес - білім беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмысын алқалық басқару нысаны;
әдістемелік кабинет - ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысқа басшылық ететін білім беру ұйымның, облыстық (қалалық) білім басқармасының құрылымдық бөлімшесі;
білім беру ұйымы оқу (оқу-әдістемелік) жұмысы жөніндегі басшысының орынбасары - білім беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмысын тікелей басқаратын басшының лауазымы;
ғылыми әдістемелік жұмыс - педагогтардың кәсіптік құзыретін арттыру және білім беру процесінің инновациялық проблемаларын шешу арқылы білім сапасын қамтамасыз етуге ықпал ететін білім беру ұйымдары басшыларының, педагогтардың және құрылымдық бөлімшелердің бірлескен қызметінің көп деңгейлі, көп функциялы жүйесі;
оқу-әдістемелік басқарма (орталық, кафедра, бөлім, кабинет) - білім беру ұйымында оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше;
оқу-әдістемелік бірлестіктер - әр түрлі деңгейдегі білім беру оқу бағдарламаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды енгізу үшін салалық (мамандық топтары, пәндер) белгісі бойынша білім беру үдерісі субъектілерінің бірігуі;
оқу-әдістемелік бірлестіктер - әртүрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды енгізу үшін салалық (мамандық топтары, пәндер) белгісі бойынша білім беру процесі субъектілерінің бірігуі;
оқу-әдістемелік жұмыс - білім беру үдерісін оқытушылық, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарға жеткізу үшін психологиялық-педагогикалық, дидактикалық-әдістемелік және оқу-материалдық объектілермен қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымының қызметі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 18.01.2016 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 507 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
4. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс ғылым мен білімді интеграциялау, оқу және тәрбие процесін қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 27.07.2015 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстың міндеттері:
білім беру бағдарламаларын іске асыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;
білім беру үдерісін қолданыстағы технологияларын, әдістерін, құралдары мен нысандарын әзірлеу, енгізу және жетілдіру;
педагогтың шығармашылық ойлауын дамыту, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасыз ету, педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік мүмкіндігін жетілдіру болып табылады.
Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылық жасау:
орта білім беру ұйымдарында – облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әдістемелік кабинеттеріне және аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттеріне;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында – облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органдарының әдістемелік кабинеттеріне және бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктеріне.
Бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерінің оқу-әдістемелік жұмысына басшылық жасау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесіне жүктеледі.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің және бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерінің жұмысы Олардың қызметі туралы ережемен реттеледі.
Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктерге жүктеледі.
Кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктердің
оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысына басшылық жасау жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесіне жүктеледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 507 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17669 тіркелген) Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 05.06.2019 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстың мазмұны
Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 27.07.2015 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Бастауыш, негізгі орта жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс мынадай бағыттарды қамтиды:
1) ғылымның теориялық, әдіснамалық негіздерін, педагогика мен психологияның жетістіктерін, дүниетанымның, өзіндік жұмыстың, өзіндік білімнің іскерлігі мен дағдысын қалыптастыратын, ақыл-ес және танымдық белсенділікті дамытатын тиімді әдістерді меңгеру;
2) білім беру саласындағы нормативтік құжаттармен танысу;
3) сыныптан тыс, мектептен тыс пәндік және тәрбие жұмыстарын оқытудың түрлі нысандары мен әдістерін және шығармашылық түрде меңгеру;
4) үздік, жаңашыл тәжірибемен және оның идеяларын шығармашылықпен пайдалану, менеджменттің қызметтерімен және прогрессивті идеяларымен, инновацияларымен танысу;
5) білім алушылардың ғылыми әлеуетін анықтау үшін (Республикалық, халықаралық олимпиадалар мен конкурстарға қатысу) оқу-тәрбие процесін жетілдіруге және білім беру ұйымының педагогына практикалық көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстың әртүрлі нысандарын дайындау және өткізу;
6) оқыту сапасына, оқыту жетістіктерінің деңгейіне, оқушылардың тәрбиесіне талдау жасау;
7) педагогикалық қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау рәсіміне белсенді түрде қатысу;
8) әдістемелік және ғылыми-әдістемелік өнімді әзірлеу.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 27.07.2015 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс мынадай бағыттарды қамтиды:
1) нормативтік құқықтық құжаттарды, білім беруді басқару органдарының ұсынымдамаларын, оқу-бағдарламалық құжаттарды жетілдіру үшін ұсыныстар енгізу;
2) жаңа оқу бағдарламалардың зерделеуін ұйымдастыру және оларды оқу үдерісіне енгізу туралы ұсыныстар беру;
3) еңбек нарығының талаптарын ескере отырып білім беру бағдарламаларына және стандарттарға өзгерту енгізу туралы ұсыныстар енгізу;
4) ағымдық, аралық бақылаудың қорытындыларын талқылау; білім алушылардың білімнің, іскерлігінің дағдысының сапасын талдау және нәтижелерді жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
5) педагогикалық тәлімгерлікті ұйымдастыру, еңбек жолын жаңа бастаған педагогикалық қызметкерлер мен өндірістік оқыту шеберлеріне оқу сабақтарын өткізу, оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік материалдар әзірлеу және оқудан тыс іс-шаралар өткізу;
6) сабақтарға өзара қатысуды ұйымдастыру, ашық сабақтар өткізу және оларды талқылау; ғылым және техника жетістіктерін, оқу-тәрбие жұмысындағы алдыңғы қатарлы тәжірибені және оқытудың жаңа технологияларын зерттеу, іріктеу және практикаға енгізу;
7) мамандықтар мен біліктіліктер бойынша кәсіби шеберлік конкурстарын тақырыптық және ғылыми семинарлар, конференциялар және ғылыми-әдістемелік кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;
8) педагогикалық, ғылыми, әдістемелік әдебиеттерге, рефераттарға, әдістемелік әзірлемелер мен құралдарға, оқытудың техникалық құралдары және электрондық-есептеу техникасына шолу жасауды ұйымдастыру;
9) ынтымақтастық педагогикасы, өзін-өзі басқару жөніндегі жұмыстарды жетілдіру, оқу-тәрбие үдерісін жақсаруына және еңбекті ұйымдастыру, өзара тексеру және өзара көмектің тиімді нысандарын кеңінен қолдануға білім алушыларды тарту.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 507 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгінің берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс мынадай бағыттарды қамтиды:
1) алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе мен білім беруді ақпараттандыруды қорыту және тарату жөніндегі іс-шараларды өткізу;
2) арналған оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың білім алушылардың ағымдық үлгеріміне әсерін талдау;
3) білім алушылардың өзіндік жұмысын әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу;
4) білім алушылардың контингентін, олардың бейінін, дайындық деңгейін және мүмкіндіктерін ескере отырып, жыл сайын қалыптастыру жұмысты әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу;
5) білім беру процесін оқу әдебиеттерімен және ғылыми-әдістемелік әзірлемелермен қамсыздандыру мониторингін жүзеге асыру;
6) білім беру үдерісін келешектегі демографиялық, экономикалық және салалық ахуалды ескере отырып, өңірлер бойынша және жалпы ел бойынша жоспарлауды ұйымдастыру;
7) оқытудың жаңа технологиялары бойынша, оның ішінде кредиттік технология және қашықтықтан оқыту бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік құжаттар әзірлеу және енгізу;
8) ғылыми жобаларды, ғылыми-әдістемелік әзірлемелерді әзірлеу және конкурстарға қатысу, олардың нәтижелерін өндіріске, оқу процесіне енгізу;
9) даярлаудың қолда бар және болашағы бар бағыттары бойынша мамандарға қажеттілікті болжау үшін деректер базасын құру мақсатында маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру;
10) дидактикалық-әдістемелік, оқу материалдық оқыту құралдарын әзірлеу және енгізу;
11) диссертациялардың, монографиялардың, ғылыми мақалалардың, ғылыми-әдістемелік әзірлемелердің, жобалардың сараптамасын жасау;
12) білім беру процесін оқу әдебиеттерімен және ғылыми-әдістемелік әзірлемелермен қамсыздандыру мониторингін жүзеге асыру;
13) мәндес мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын бірыңғайландыру жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
14) нормативтік құқықтық құжаттарды, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім мамандықтарының жіктеуішін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
15) оқу үдерісіне қазіргі заманғы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік, дидактикалық материалдарды, және оқытудың автоматтандырылған жүйелерін бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін, ақпараттық кітапханалық жүйелерін енгізу;
16) оқу жұмыс бағдарламаларын әзірлеу, типтік оқу бағдарламасының жобаларын дайындауға қатысу;
17) оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын ескере отырып сараптау;
18) оқулықтар, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік кешендер, оқу-әдістемелік, оның ішінде электрондық тасымалдағыш құралдарын және дидактикалық материалдарды әзірлеу;
19) оқытудың жаңа технологиялары бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік құжаттар әзірлеу және енгізу;
20) оқыту сапасын, білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін талдау;
21) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша тақырыптық ғылыми, ғылыми-әдістемелік семинарларды, конференцияларды, вебинарларды, кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;
22) студенттердің, магистранттардың, докторанттардың ғылыми-әдістемелік жұмысының мазмұны мен нысандарын ұйымдастыру, үйлестіру, талдау;
23) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша тақырыптық ғылыми, ғылыми-әдістемелік семинарларды, конференцияларды, вебинарларды, кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;
24) ғылыми жобаларды, ғылыми-әдістемелік әзірлемелерді әзірлеу және конкурстарға қатысу, олардың нәтижелерін өндіріске, оқу процесіне енгізу;
25) мамандықтар бойынша магистранттарды, философия докторларын даярлауды ұйымдастыру және іске асыру;
26) диссертациялардың, монографиялардың, ғылыми мақалалардың, ғылыми-әдістемелік әзірлемелердің, жобалардың сараптамасын жасау.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 18.01.2016 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2021 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
3. Құрылымдық бөлімшелердегі оқу-әдістемелік және
ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру тәртібі
Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 27.07.2015 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқу процесін, білім беру бағдарламаларын іске асыратын, үйлестіретін барлық құрылымдық бөлімшелерде (әдістемелік бірлестіктерде, әдістемелік пәндік және циклдік комиссияларда, кафедраларда, бөлімдерде, факультеттерде, институттарда), әдістемелік жұмыс қызметтің негізгі түрі болып табылатын ұйымдарда (республикалық, облыстық, аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттерде), оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшелерде (оқу-әдістемелік бөлімдерде, басқармаларда, орталықтарда, кабинеттерде) жүзеге асырылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 18.01.2016 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Құрылымдық бөлімшелер оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты осы Қағидалардың негізінде және білім беру ұйымдарының жарғысында қарастырылған тәртіппен бекітілген ереженің негізінде жүзеге асырады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 27.07.2015 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері санын мамандықтардың санына қарай, жоғары оқу орнының мамандануына, сондай-ақ білім алушылар мен оқытушылардың санына қарай білім беру ұйымының кеңесі белгілейтін әдіскерлер болып табылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 27.07.2015 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13. Құрылымдық бөлімшелер мынадай оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асырады:
1) кафедралардың, бөлімдердің, факультеттердің, институттардың оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысына басшылық жасау;
2) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарды сараптау және оларға әдістемелік (ғылыми-әдістемелік, ғылыми-техникалық) кеңестердің қарауы үшін ұсынымдар беру;
3) оқу-тәрбие процесінің, әдістемелік жұмыстың жай-күйін талдау және оларды жетілдіру жөніндегі ұсынымдамаларды пысықтау;
4) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік өнімдердің жариялануына және таралуына талдау және ұсынымдама жасау.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 27.07.2015 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Білім беру ұйымының оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысына тікелей басшылық жасауды білім беру ұйымы басшысының оқу (оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік) жұмысы жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.
Құрылымдық бөлімшелердің оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысына жалпы басшылықты сайланбалы өкілетті органдар: тиісті бөлімшелердің әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңестері жүзеге асырады. Құрылымдық бөлімшелердің әдістемелік кеңесінің құрылу тәртібін және қызметін, құрамы мен өкілеттілігін білім беру ұйымының кеңесі анықтайды.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 27.07.2015 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Ұжымдық әдістемелік жұмыстың нысаны пәндік және циклдік комиссиялар, кафедралар, озық тәжірибелі мектептер, нұсқаулық-әдістемелік мәжілістер, семинарлар, дәрістер, практикалық сабақтар және конференциялар болып табылады.
16. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында пәндік әдістемелік және циклдік комиссиялар үш арнайы және жалпы білім беретін пәндер оқытушылары, мамандықтар бойынша өндірістік оқыту шеберлері болған жағдайда құрылады.
Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кафедралар кәсіптік, әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша үш оқытушылар болған жағдайда құрылады.
Әдістемелік комиссияны құру үшін оқытушылар саны жетіспеген жағдайда білім беру ұйымының басшылығы бірнеше аудандардың, қалалардың бірнеше білім беру ұйымдарындағы тиісті пәндердің (мамандықтары, біліктілігі) педагог қызметкерлерін біріктіретін комиссияның жұмысына қатыстыруды ұйымдастыруы қажет.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 507 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
17. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында әдістемелік комиссияға басшылықты өндірістік оқытудың шеберлері мен аса тәжірибелі оқытушылардың арасынан таңдап алынған төрағалар, орта білімнен кейінгі ұйымдарда - кафедра меңгерушілері жүзеге асырады. Кафедралардың, әдістемелік комиссиялардың жұмысына ғылыми мекемелердің ғылыми және педагог қызметкерлері, кәсіпорындардың мамандары тартылады.
18. Оқу-әдістемелік құжаттама білім беру ұйымдарының тиісті құрылымдық бөлімшелерінде әзірленеді, кафедрада, әдістемелік комиссиясында білім беру орындарының, құрылымдық бөлімшелердің әдістемелік кеңестерінде талқыланып, оң шешімге ие болған соң, оқу орны басшысының, басшысының оқу ісі, оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары бекітеді.
19. Білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға, үлгілік оқу жоспарларына сәйкес құрылымдық бөлімшелердің (институттардың, факультеттердің, бөлімдердің) тиісті әдістемелік комиссияларында, кафедраларда, кеңестерде, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшелерде қаралатын жұмыс оқу жоспарларын әзірлейді және барлық тиісті әдістемелік кеңестерде оң қорытындыны алғаннан кейін, білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 27.07.2015 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20. Оқу жұмыс бағдарламасын және сабақ жоспарларын оқытушылар типтік оқу бағдарламасына сәйкес әзірлейді, ол білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің әдістемелік кеңесінде қаралады және білім беру ұйымы басшысының оқу ісі (оқу-әдістемелік ісі) жөніндегі орынбасары бекітеді.
21. Әдістемелік нұсқаулар мен ұсынымдарды білім беру ұйымдарының оқытушылары әзірлейді. Әдістемелік комиссияның, кафедраның, оқу орындарының, құрылымдық бөлімшелерінің әдістемелік кеңестерінде қаралып, оң пікірлер берілген соң, оқу орны басшысының оқу ісі (оқу-әдістемелік ісі) жөніндегі орынбасары бекітеді.
22. Облыстық (қалалық) білім басқармасының әдістемелік кабинеттері техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі ұйымдардың және оқу-әдістемелік бірлестіктердің оқу-әдістемелік жұмысын үйлестіреді.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 507 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі бірлестіктер
Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 27.07.2015 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
23. Оқу-әдістемелік жұмысқа қатысты білім беру үдерісі субъектілерінің мүддесін Қазақстан Республикасы Заңнамаларына сәйкес құрылған және қызмет ететін бірлестік таныта алады.
24. Оқу-әдістемелік бірлестіктер еркін бастама негізінде салалық (мамандықтар топтары, пәндер) белгілеріне қарай құрылады. Оның құрамына білім беру ұйымдарының, жұмыс берушілердің, әлеуметтік серіктестіктердің өкілдері кіреді.
25. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мектеп және мектепаралық әдістемелік бірлестік жалпы білім беретін пән мұғалімдері, 1-4 сынып мұғалімдері, сынып жетекшілері, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері, мектеп-интернаттары үшін құрылады. Отырыс тоқсанына бір рет немесе қажет болған жағдайда өткізіледі.
26. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта ұйымдарда әдістемелік бірлестіктері мектепте бір пәннен бойынша кемінде 3 мұғалім болған жағдайда құрылады.
27. Аудандық әдістемелік бірлестік жалпы білім беретін пән мұғалімдері, бастауыш, сыныптар мұғалімдері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, мектеп-интернаттарын, мектеп кітапханашылары үшін отырыстарын жылына екі-үш рет өткізуге құрылады.
28. Сыныптары біріккен шағын мектептер бар болған жағдайда ауданда осы сыныптар мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктері құрылады.
29. Әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспары білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша диагностика жүйесінің, талдаудың, бақылаудың және дифференцация міндеттері нәтижелері негізінде бір жылға құрылады және білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі.
30. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта ұйымдарында әдістемелік бірлестікті шығармашылық жұмыс жасайтын, жетік дайындалған педагогтардың ішінен 1 жыл мерзімге сайланған (тағайындалған) басшы басқарады. Мектепаралық ұйымдарда басшы аудандық (қалалық) білім беру ұйыммен тағайындалады.
31. Method and experienceды тікелей басқаруды келісілген пәндермен және олардың қызмет бағыттарын әдістемелік бірлестіктің басшылары және басшының орынбасары жүзеге асырады.
32. Әдістемелік бірлестіктің жұмысын басқару және үйлестіру үшін педагогикалық кеңестің жұмысының мазмұнын қайталаMayтын әдістемелік кеңес құрылуы мүмкін.
33. Техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік бірлестіктер бейіндер бойынша құрылады және келесі бағыттар бойынша қызметті іске асырады:
1) техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарды әзірлеуді, типтік оқу жоспарлары және типтік оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік құралдарын, оқулықтар және электрондық оқулықтарды дайындау бойынша жұмыстар жүргізуді;
2) техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбиелік үрдісін жетілдіру бойынша конференциялар, семинарлар өткізуді жүзеге асыруды ұйымдастыру;
3) техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру оқу пәндері бойынша оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады;
4) оқу үрдісін ақпараттандыру және білімді бақылау, қазіргі заманғы технологиямен оқытуды енгізу бойынша әдістемелік нұсқаулар мен ұсынымдар әзірлеу;
5) техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмыстардың қызметін ұйымдастыру тәжірибесін зерделеу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар даярлау жүзеге асырады;
6) білім алушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын ұйымдастыру тәжірибесін жалпылау, мамандықтар бойынша кәсіптік шеберлігі, үздік дипломдық жобалар және курстық жұмыстарға конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
7) білім беру ұйымдарындағы оқытушылардың республикадағы, ТМД елдеріндегі және алыс шетелдегі мәндес мамандықтар мен біліктіліктер бойынша тағылымдамадан өтуі және халықаралық, республикалық конференцияларға қатысу үшін ұсынымдар енгізу;
8) жастар және жұмыссыз тұрғындар арасында насихаттау жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар әзірлеу;
9) фильмдермен және қазіргі заманғы білім беру құралдарымен, оқу-зертханалық жабдықтармен, педагогикалық білім беру құралдарымен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етуді бағалау жайы туралы талдамалы материалдар дайындауға қатысу;
10) колледж базасында ұйымдастырылған техникалық және кәсіптік білім беру, орта білім беруден кейінгі мамандар біліктілігін көтеру курстарын әдістемелік қамтамасыз ету;
11) мамандар даярлауда сапа мониторингін ұйымдастыру, берілген білім беру бағдарламаларында ақпараттық банк құру.
Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 18.01.2016 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.09.2018 № 507 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
34. Оқу-әдістемелік бірлестіктің шешімінде кепілдік сипатта болады және ол барлық білім беру ұйымдарына - бейіндер бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің мүшелеріне жеткізіледі.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 507 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
35. Оқу-әдістемелік бірлестіктің қызметін оқу-әдістемелік кеңес бекіткен Төраға басқарады. Оқу-әдістемелік бірлестіктің Төрағасы оқу-әдістемелік бірлестіктің жұмысын бағыт береді және ұйымдастырады.
36. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және атқару үшін оқу-әдістемелік секциялар құрылады.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 18.01.2016 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК