Конысова Сауле Жанабаевна
Конысова Сауле Жанабаевна 1984 жылы 23 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында дүниеге келген. 2000-2004 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің физика -математика факультетінің информатика-ағылшын тілі мамандығын бітірген. Педагогикалық еңбек жолын 2004 жылы «Көкөзек ауылындағы орта мектебі» кмм информатика пәні мұғалімі болып бастаған. 2016 жылы аталған мектепке директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылған. 2024 жылдың 16 ақпан айынан бастап Көкөзек ауылындағы орта мектебінің директоры болып тағайындалды.
Жетістіктері:
2019 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және тоның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі А.Аймағамбетовтың Құрмет грамотасымен марапатталды.
2022 жылы өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне қосқан зор үлесі үшін облыстық «Ағартушы» кәсіподақтың Құрмет грамотасымен марапатталды.
2022 жылы білімді ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан зор үлесі мен кәсіби шеберлігі үшін «Өрлеу» Ұлттық орталығының Құрмет грамотасымен марапатталды.
2022 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани даму жолында ұрпақ тәрбиесіне сіңірген еңбегімен және білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының Құрмет грамотасымен марапатталды.
2022 жылы «Эрудит» интеллектуалды білім сайты ұйымдастырған педагогтар арасында өткен республикалық «Жылдың үздік авторы-2022» атты шығармашылық байқауына «Python тілі: бағдарламалау негіздері» тақырыбы бойынша қатысып, үздік нәтиже көрсеткені үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды.
2022 жылы Республикалық білім беретін ғылыми-әдістемелік, шығармашылық бағыттағы «Onegeli urpaq» журналына өз тәжірибесімен бөлісіп, әдістемелік материалын ұсынғаны үшін сертификатпен марапатталды.
2023 жылы Қарасай ауданының білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.