Оқушылар жетістіктері » Страница 2 » Көкөзек орта мектебі
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Көкөзек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жемқорлықсыз ел- тұрақты ел" атты бейнежазба байқауы
05
май
2022
"Жемқорлықсыз ел- тұрақты ел" атты бейнежазба байқауы
ыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау аясында "Жемқорлықсыз ел- тұрақты ел" атты бейнежазба байқауына қатысып, Көкөзек орта мектебі І - орын жеңіп алғаны үшін марапатталады. Құттықтаймыз ​https://www.instagram.com/p/CdLRqSQIUJ1/?utm_source=ig_web_copy_link​​​ 
"Ұлылар әлемі" номинациясы
02
май
2022
"Ұлылар әлемі" номинациясы
Аудан мектептері арасында өткен Абай оқулары аудандық кезеңінде "Ұлылар әлемі" номинациясы бойынша мектебіміздің 9 "Г" сынып оқушысы Болатбек Ақбота ІІІ орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз! Алар асуың көп болсын! Жетекшісі: Дадаева Ардақ ​https://www.instagram.com/p/Cc8MckGIwzz/?utm_source=ig_web_copy_link​​​
мектепішілік Абай оқулары
25
апрель
2022
мектепішілік Абай оқулары
Көкөзек ауылындағы орта мектебінде сәуір айының 27 күні мектепішілік Абай оқуларынан сайыс өтті. Нәтижесінде Болатбек Ақбота, Бердмурат Асем және Үкіметхан Айғаным *Бас жүлдені* жеңіп, ауданға жолдама алды. Балаларымызға сәттілік тілейміз.\ ​https://www.instagram.com/p/Cc6u4_YIxYf/?utm_source=ig_web_copy_link​​​
"Ұлттық мектеп лигасы" жоспарына сәйкес 7-8 сынып оқушылары аймақтық кезеңнен 1 орынды жеңіп алып, ауданға жолдама алды. Жетекшісі Тоқсанбай Нұрбек. Құттықтаймыз!
21
апрель
2022
"Ұлттық мектеп лигасы" жоспарына сәйкес 7-8 сынып оқушылары аймақтық
"Ұлттық мектеп лигасы" жоспарына сәйкес 7-8 сынып оқушылары аймақтық кезеңнен 1 орынды жеңіп алып, ауданға жолдама алды. Жетекшісі Тоқсанбай Нұрбек. Құттықтаймыз! ​https://www.instagram.com/p/CcV6vy0qGts/?utm_source=ig_web_copy_link​​​
Абай атындағы ҚазҰПУдың жанынан Айтыскер ақын Оразалы Досбосынов орталығы
21
апрель
2022
Абай атындағы ҚазҰПУдың жанынан Айтыскер ақын Оразалы Досбосынов
Абай атындағы ҚазҰПУдың жанынан Айтыскер ақын Оразалы Досбосынов орталығы ашылған болатын. Басшысы Жүрсін Ермановтың көмекшісі Шұғайып Сезімтал, сол орталыққа біздің мектептің шәкірті Данияр Сәбитпен Барат ағайды және басқа да ақындар мектебінен оқушылар шақырып тәжірибе алмасу жасады. Сөз соңында Шұғайып Сезімхан Даниярды алдағы уақытта Студенттер айтысына қосамын деп уәдесін беріп, сый ретінде Жүрсін Ермановтың кітабын қолтаңбасы мен бірге берді. Шәкіртіміз Даниярды үлкен айтыстардан көреміз
Қызылорда облысында өткен дзюдодан «Абай Дәулет» жүлдесіне арналған 2007-2008 және 2010-2011 туылған жасөспірімдер арасындағы турнирі
30
март
2022
Қызылорда облысында өткен дзюдодан «Абай Дәулет» жүлдесіне арналған
Қызылорда облысында өткен дзюдодан «Абай Дәулет» жүлдесіне арналған 2007-2008 және 2010-2011 туылған жасөспірімдер арасындағы турнирінен Көкөзек атындағы орта мектебінің оқушылары Шайхслам Дамир 1 орын, Жолдыбай Диас 3 орын алды, және де екі оқушымызда спорт шеберіне үміткері атанды,оқушыларымыздың жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз💐 жетекшісі Уксикбай Елдос оқушыларыңыздың жетістігі көп болсын!💐
"Жыр жүйрігі-Мұқағали Мақатаев" атты іс шара
14
февраль
2022
"Жыр жүйрігі-Мұқағали Мақатаев" атты іс шара
Жібек Жолы ауылындағы Ы.Алтынсарин орта мектебінде өткен "Жыр жүйрігі-Мұқағали Мақатаев" атты іс шарада Сабит Данияр үздік айтыс көрсетіп Бас жүлдеге ие болды. Жетекшісі Барат Ерубай ағай арнау өлеңнін оқыды. Жиын соңында мектеп басшысы Бағлан Беделбаевна дипломмен бағалы сыйлық пен мараттатап оқушымызға облысқа сәттілік тіледі! ​https://www.instagram.com/p/CZ1K1-SIQJG/?utm_source=ig_web_copy_link​​​ 
Жыр алыбы Жамбыл" атты оқушылар айтысы
01
февраль
2022
Жыр алыбы Жамбыл" атты оқушылар айтысы
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін "Жыр алыбы Жамбыл" атты оқушылар айтысында мектебіміздің үздік оқушысы Сәбит Данияр жүлделі 1-орын алып облысқа өтті. 22 ақын бақ сынаған айтыста 2 кезеңнен сүрінбей өтіп мектебіміздің намысын қорғады. Оқуышымызды құттықтай отырып, облысқа сәттілік тілейміз! Жетекшісі: Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының мүшесі, Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Ерубай Барат Маратұлы