20
апрель
2022
Кәсіби бағдар беру
Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді. Осы орайда мектебімізде 9-11 сынып аралығында мамандық таңдау бойынша көптеген колледждер мен университеттерден келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Атап айтсақ Халықаралық Қазақ-Қытай колледжі, Narxoz колледжі, Алматы мемлекеттік электрмеханикалық колледжі, Алматы автомеханикалық колледжі, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті, С. Жандосов атындағы техникалық колледжі.
https://www.instagram.com/p/Cce8acWO6PJ/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/p/Cce8acWO6PJ/?utm_source=ig_web_copy_link