ЕНТ-2022 өзгерістер
ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ
- ЖОО түсушілер Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі) және екі бейіндік пән бойынша ЕНТ тапсырады.
- Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарына түсуші тұлғалар Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша ЕНТ тапсырады.
- Түсушілер ЕНТ-ны қалауы бойынша қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілінде тапсырады.
- ЕНТ бойынша ең жоғары балл – 140 балл.
- Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсетін тұлғалар үшін ЕНТ бойынша ең жоғары балл – 125 балл.
Білім және ғылым министрлігіне ЖОО-ларда IT-бағыттар бойынша оқығысы келетін талапкерлер үшін ЕНТ тапсыру кезінде бейінді пәндер тізбесіне «Информатика» пәнін енгізу туралы көптеген өтініштер келіп түседі.
Осыған байланысты министрлік талдау жүргізіп, 2022-2023 оқу жылынан бастап «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Информациятық технологиялар» және «Информациятық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары топтарына түсетін оқушылар ЕНТ-да «Математика+Физика» орнына «Математика+Информатика»комбинациясын тапсырады деген шешім қабылдады.
2021-2022 оқу жылында бейіндік пән «Физика» болып қала береді, бұл ретте пилот ретінде талапкерлердің таңдауы бойынша биыл осы дайындық бағыттарына (наурыздағы ЕНТ кезінде) түсу үшін «Математика+Информатика»комбинациясын таңдау опциясы қосымша қолжетімді болады.
Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу 2022 жылдың 9 ақпанындағы №42 бұйрығы негізінде
IT-бағыттарына түскісі келетін талапкерлер ЕНТ-да физика емес, информатика пәнінен тест тапсырады.