05
май
2022
«Оқу жылын аяқтау және қорытынды аттестаттау нұсқаулықтарымен таныстыру»
2022 жылы 5 мамыр күні ДОІЖО Конысова С.Ж. мектеп мұғалімдерімен «Оқу жылын аяқтау және қорытынды аттестаттау нұсқаулықтарымен таныстыру» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. МОН РК 20.04.2022 жылдың №159 бұйрығы, Алматинская область білім басқармасының 22.04.2022 ж. №547-н, Қарасай ауданының білім бөлімінің 25.04.2022 №244, мектепішілік 25.04.2022 №77 бұйрықтары негізінде 2021-2022 оқу жылын аяқтаудың және қорытынды аттестаттау мерзімдерімен таныстырды. 9 және 11 сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдері қосымша сабақ пен дайындық жұмыстарын дұрыс жолға қойылуы туралы айтылды.Мектеп оқушыларының үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» МОН РК 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының талаптарына сәйкес 2021-2022 оқу жылы аяқталады. Білім сапасын арттыру және пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында 1-8, 10-сыныптарда білім алушылар үшін 2022 жылғы 26 мамырдан бастап
17 маусым аралығында Жазғы мектепте оқыту ұйымдастырылады.
